АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Пекиннің билік өкілдері бейсенбі күні ауаның күрт ластануына байланысты қауіптің "қызыл" деңгейін жариялады деп хабарлады РИА Новости Пекиннің қоршаған орта департаменті хабарламасынан қорытынды жасап.
Берілген мәліметке сәйкес, ерекше режим 16 желтоқсан күні 20:00-де басталып, 21 желтоқсан күні 24:00-де алынады.
Метеорологтар берген ақпарат бойынша, 16-21 желтоқсан аралығында Пекинде, көршілес Тяньцзинде, Хэбэй провинциясында, Хэнань және Шаньдунда ауаның ластануы жоғары болады. 21 желтоқсанға қарай ауа сапасы біртіндеп жақсара түседі.