Қоғам

Шаханда зардап шеккен екі адамның жағдайы қалыпты

© Sputnik / Юлия Кузнецовааурухана
аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
11 жасар бала мен 32 жастағы ер адам дағдылы палатаға ауыстырылды

АСТАНА, 3 қаң — Sputnik. Қарағанды облысы Шахан кентінде үйдің бөлігінің құлауынан зардап шеккен екі адамның жағдайы қалыпты деп бағалануда, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Тұрғын үйдің құлау салдарынан екі адам профессор Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыс орталығына жатқызылды. 

"Ауруханада екі адам жатыр – 2005 жылы туылған қыз және 1984 жылғы ер адам, екеуінің де жағдайы қалыпты деп бағаланады. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", — деп хабарлады Айжан Иса. 

Шахандағы апат - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахан кентіндегі оқиғаға орай жергілікті деңгейдегі ТЖ жарияланды

Қазіргі уақытта бала мен ер адам дағдылы палатаға ауыстырылды. 

1 қаңтарда Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің подъездерінің біріндегі жертөледе бу қазандығы жарылды. Подъезд қирады. Жалпы 15 пәтер зардап шекті. Үйдің аман қалған бөлігінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, үйіндіні тазалауға кірісті. Соңғы деректерге сәйкес, тоғыз адам қаза тапқан:  үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылғы сәби. Екі адам ауруханаға жатқызылды. 2 қаңтар 13:00-де үйіндіні тазарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. 


Жаңалықтар
0