АСТАНА, 1 қаң — Sputnik. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясының шахтасында жер қабаты опырылып, бір адам қаза тапты деп хабарлады дереккөз Sputnik Қазақстан агенттігіне.
ТЖ 31 желтоқсан күні таңертең болды. Ол кезде шахтада 70-ден астам адам болған. Біреуінен басқасы аман-есен жер бетіне шықты. Кейіннен қаза тапқан адамның денесі табылды.
Агенттікке сұхбат берушінің мәліметіне сүйенсек, 35 жастағы кенші машинист болған екен.
"Қазақмыс" корпорациясы әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ.