АСТАНА, 1 қаң — Sputnik. 1 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, қар жауады, боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанады.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз.
Ақмола, Павлодар облыстарында боран соғады деп күтіледі, кей жерлерде қатты соғуы ықтимал, желдің екпіні секундына 15-20 метр, ұйытқуы секундына 25 метр, кей жерлерде секундына 30 метрден асады.
Алматы облысында түнде тұман түседі деп күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні – 15-20 м/с, түнде ұйытқуы – 23 м/с.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде – боран, желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с.
Ақтөбе облысында кей жерлерде – тұман, төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысында кей жерлерде – боран, желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23 м/с.
Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ, боран, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы 25 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с асады, кей жерлерде боран соғады.