АСТАНА, 30 жел — Sputnik. Қазақстан мен АҚШ 2016 жылы 29 желтоқсанда екі ел азаматтарына 10 жылдық визалар беру механизмін іске қосты.
"Бұл күні онжылдық Қазақстан визасы АҚШ азаматы, Алматы қаласындағы АҚШ дипмиссиясы консулдық қызметінің бұрынғы жетекші-координаторы Ян Тернерге берілді, ол бұл оқиғаға тікелей қатысы бар тұлға, кезінде осы істің бастамасын көтерген болатын", — делінген хабарламада.
Бірінші онжылдық Қазақстан визасының иегері Я. Тернер барлық оттандастары мен қазақстандықтарды тарихи жетістікпен құттықтап, бұл оқиғаның "екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтатындығын" атап өтті.
"Кез келген мемлекет АҚШ-пен 10 жылдық виза туралы келісім жасаса алмайды", — деп еске сала кетті Тернер. Оның айтуынша, "Қазақстан қазір әлем елдерінің өте ерекше "онжылдық клубына" кіреді, олардың қатарында Қытай, Үндістан, Мексика сияқты елдер бар".