Саясат

Қазақстан мен АҚШ визалар мерзімін екі есе ұлғайтты

© Sputnik / Павел Быков / Медиабанкке өтуНью-Йорк
Нью-Йорк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Туристік және дипломатиялық визалардың мерзімдері ұзартылды

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Қазақстан мен Америка құрама штаттары арасында маңызды санаттар бойынша виза беру мерзімі екі есе ұзартылды деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Шекарадан өту туралы мөр - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстандық дипломаттар Жапонияға визасыз бара алады

"Біз жапон азаматтарының Қазақстанға, қазақстандықтардың Жапонияға визасыз қатынауы туралы келісімге қол жеткіздік. Жыл соңында  АҚШ-пен виза мерзімін он жылға ұзарту туралы келісім жасастық. Бұдан бұрын виза 5 жылға берілетін. Қазіргі уақытта америкалық және қазақстандық визалардың, ең маңызды санаттар бойынша, яғни туристік және дипломатиялық түрлері осындай ұзақ мерзімге беріледі. Әлбетте, бұл екі елдің азаматтары үшін өте қолайлы болмақ", — деп хабарлады Ыдырысов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанға 19 елдің азаматтары визасыз келе алады, ал 2017 жылы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 45-ке жетеді. Бұл мемлекеттердің арасында ОЭСР мүше елдері, БАЭ, Малайзия, Сингапур және Монако княздығы бар. Бұл елдің азаматтары Қазақстанды 30 күн визасыз аралай алады.

© SputnikҚазақстандықтар қай елге визасыз бара алады
Қазақстандықтар қай елге визасыз бара алады - Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар қай елге визасыз бара алады
Жаңалықтар
0