АСТАНА, 7 қар – Sputnik. Қазақстан мен Жапония дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелеріне қойылатын визалық талаптарды алып тастауға қатысты өзара келісімге келді деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қызметтік тұлғалардың екі ел арасында визасыз қатынауы Қазақстан мен Жапонияның саяси байланыстарының дамып, сауда-экономикалық ынтымақтастықтардың іске қосылуына септігін тигізеді деп атап өтілді ведомствода.
"Қазақстан дипломатиясының экономикалық бағытын нығайтуға байланысты Елбасы тапсырмасының аясында 2017 жылы 1 қаңтардан бастап Жапония ұлттық төлқұжаты иелеріне 30 күнге дейін визасыз режим орнатылады", — деді СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев.