Саясат

Үш ел басшылары Астанадағы Сирия туралы бейбіт келіссөздің маңызын атап өтті

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанБәйтерек
Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ел көшбасшылары бір ауыздан айытп өткендей, Астанадағы келіссөздер Сирия қақтығысын түбегейлі шешу жолындағы үлкен қадам болады

АСТАНА, 30 жел — Sputnik. Ресей, Түкрия және Сирия президенттері Сирия қақтығысын реттеу жолдарын тағы бір рет талқылады, оның ішінде, бұл мәселедегі маңызды шешім Қазақстан ұсынып отырған келіссөз алаңы екендігі атап өтілді деп хабарлайды Кремль сайты.

Сириядағы жағдай - Sputnik Қазақстан
Саясат
РФ СІМ: Астанада өтетін Сирия бойынша кездесуге сириялық оппозицияның қатысуы күтіледі

РФ президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Реджеп Ердоғанның телефон арқылы әңгімелесуінің барысында екі елдің бірлесіп Сирия үкіметімен арадағы келісімдерге қол жеткізгендігіне, сонымен қатар Сирияның бүкіл аумағында әскери қимылдарды тоқтату және саяси реттеуге көшу туралы бір қалыпты оппозицияға оң баға берілді. Бұл ретте Астанада келіссөздер жүргізу бойынша қолданылып жатқан шаралардың маңыздылығы атап өтілді.

Кейін Владимир Путин Сирия Араб Республикасының президенті Башар Асадпен телефон арқылы сөйлесті. Астанада Сириядағы ахуалды бейбіт түрде реттеу туралы келіссөздердің өтуі – дағдарысты түбегейлі шешудегі маңызды қадам деген ортақ пікір айтылды. 

Жаңалықтар
0