АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Сириялық реттеу бойынша Астанада өтетін кездесуге қарулы оппозиция да, саяси топтар да қатысады деп күтіледі, бірақ келіссөздер бойынша оппозициялық Жоғары комитеттің қатысуы туралы айтуға әзірге ерте, деп мәлім етті РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова.
"Қазір шақыру қағазын тарату емес, осы кездесудің тәсілі мен тұжырымын қалыптастыру үдерісі өтіп жатыр. Қатысушылар саны мен құрамы белгіленген жоқ. Ол қазіргі таңда әзірленіп жатыр", — деп жазады РИА Новости.
"Осы үдерістегі қозғалыстың белгілі бір бағыттары бар: басым бөлігін қарулы оппозиция деп аталатын сол баяғы қарулы топтар құрайтын болады", — деп жауап берді дипломат кездесуге оппозициялық Жоғары комитеттің қатысуына байланысты қойылған сауалға.
"Бұл женевалық процестен негіз қалаушы, өте маңызды ерекшелігі шығар, бұл ретте саяси оппозиция да қатысатын болады. Қандай құрамда және қандай форматта екені – бұл мәселе қазір әзірлеу барысында", — деп атап өтті СІМ өкілі.
Президент Путин бұрын түркиялық көшбасшы Тайып Ердғанмен Сириядағы қақтығыс тараптарына бейбіт келіссөздерін жаңа алаң Астанада жалғастыру туралы келіскенін мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, ол женевалық келіссөздерді толықтыра алады. Ұсыныспен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев келісті.