Саясат

Әшімбаев: Дүтбаевты ұстауға ҰҚК өз бетімен шешім қабылдай алмаған

© Photo : страница Ашимбаева в ВКонтактеСаясаттанушы Данияр Әшімбаев
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пікірінше, Қазақстанның ҰҚК бұрынғы басшысының ұсталуына қатысты қандай да бір тұжырым жасауға әзірге ерте

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Сергей Ким. ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны туралы бір күн бұрын белгілі болды. Бірнеше сағат бұрын ол туралы неше түрлі қауесеттер тарай бастады, белгілі бір тұжырым жасауға ақпарат жеткіліксіз болатын. Sputnik Қазақстан Дүтбаевтың ұсталу құпиясын ашуға тырысып, саясаттанушы Данияр Әшімбаевпен әңгімелесті. 

— Дүтбаевтың ұсталуы 2016 жылғы аты шулы қамауға алулар мен соттардан кейін орын алды. Бұл бір саяси құбылыстың көрінісі болуы мүмкін бе? 

— Жылдың әр әйгілі оқиғасының артында белгілі бір тарих бар, бұл оқиғаларды бір үрдіске байланыстыру қалауына қарамастан, әңгіме бірнеше әртүрлі бағыттағы оқиғалар туралы болып отыр. Мұнда байланыстырып тұратын буын органдармен қудалау арқылы есеп айырысу болуы мүмкін. Бірақ көптеген жағдайларда әңгіменің қамауға себеп болған  белгілі бір бұзушылықтардың болуында екенін жақсы білеміз. Бұл ретте біз істің әзірлеу кезеңінде  және баға беру үшін фактаждың жоқ екенін көріп отырмыз. Атап айтқанда, Дүтбаевтың ісі ҰҚК төрағасының жұмысына қатысты болуы мүмкін. Ол қызметінен 2006 жылдың басында, он жылдан астам уақыт бұрын босаған. Бірақ бізге ҰҚК баспасөз қызметі ұсынған ақпарат жеткіліксіз. 

Нартай Дутбаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҚР ҰҚК бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүргізілуде

- Дүтбаевтың ұсталуы қалай болмасын ҰҚК төрағасының қызметіне Кәрім Мәсімовтің тағайындалуымен байланысты деп болжам жасауға болады ма? 

— Мұндай адамды ұстауға немесе қамауға алуға санкцияны өз бетінше елдің бірде бір құқық қорғаушы құрылымы бере алмайды. Мәселе "жоғарыда" келісілген болуы әбден мүмкін, жоқ дегенде президент әкімшілігімен. Және мұндай тұлғаны ұстау үшін біздің түсінуімізше белгілі бір негіздер болуға тиіс. 

—  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанданды деген түйсік бар – Серік Ахметовтің ісін еске алайық. Енді міне ҰҚК-ден жаңалық келді. Бұл қызметтердің жария емес қарсы тұруы белгілі – мұны Қорғас ісі жақсы көрсетті. Десе де, кейіннен сол қаржы полициясы тарап кетті. Дүтбаевтың ұсталуын Серік Ахметовтың қамалуына жауап деуге болады ма?

— Мен байланысы бар, деп ойламаймын.  Әрине, кезінде Дүтбаевтың басшылығымен алғашқы 2005 жылғы "қорғас ісі" әзірленген. Бірақ Дүтбаевтың қызметтен кетуіне байланысты іс аяқсыз қалды. Сонымен бірге, Дүтбаев ҰҚК-да ұзақ уақыт жұмыс істеген жоқ. Сондықтан бір нәрселерді жалпылау қиын. Ұстау негіздері туралы фактілер бізде әлі жоқ. Оның үстіне Дүтбаевтан кейін ҰҚК төрағасы қызметінде біраз адамдар ауысты. Нақтырақ ақпаратты күте тұрайық. Қазір біз күмәнді қауесеттер аясында болжам жасап отырмыз. 


Жаңалықтар
0