Оқиға

ҚР ҰҚК бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүргізілуде

© Photo : Официальный сайт КНБ РКНартай Дутбаев
Нартай Дутбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев пен тағы бірнеше лауазымды тұлғаға мемлекеттік құпияны жария ету мен билік пен қызметтік бабын асыру пайдаланды деген күдік келтіріліп отыр.

АСТАНА, 28 жел – Sputnik. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардың бір қаттар қызметтік тұлғаларына қатысты сот алды тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарланады ҚР ҰҚК сайтында. 

2016 жылғы 26 желтоқсанда жедел-тергеу шаралары барысында ҚР ҚК 185-бабының 3-тармағы "Мемлекеттік құпияны жария ету" және 362-бабының 3-тармағы "Билік пен қызметтік бабын асыру" бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды. Олар ҰҚК уақытша ұстау изоляторына отырғызылған. 

Күдіктілер мен олардың туыстарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тінту жұмыстары жүргізілді, заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр, оның барысы мен қорытындысы туралы қосымша хабарланады.  

Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарған. 


Жаңалықтар
0