АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Сейсенбі күні қайтыс болған актриса Керри Фишердің анасы, танымал америкалық актриса және әнші Дебби Рейнольдс АҚШ-та шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, кейіннен дүние салды деп хабарлайды РИА Новости агенттігі TMZ басылымына сілтеме жасап.
"Жұлдыздар соғысы" киноэпопеясында принцесса Леяның рөлін сомдаған актриса Керри Фишер 61 жасында қайтыс болды. Лондоннан Лос-Анджелеске ұшып бара жатқанда, Керридің жағдайы күр нашарлайды. Ұшақ әуежайға қона салысымен, актриса ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.
Бұдан бұрын актрисаның анасы 84 жастағы Рейнольдс ауруханаға түсті деген хабар тартылған болатын. Кейіннен актрисаның ұлы Тодд Фишер әжесінің инсульттен көз жұмғандығын мәлімдеді.