Әлем

Джордж Майкл панасыздарға арналған орында жасырын түрде ерікті болып жұмыс істеген

© REUTERS / Stefan WermuthДжордж Майкл
Джордж Майкл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал әнші Джордж Майкл жасырын түрде панасыздарға көмек көрсеткен.

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Сенбі күні Англияда көз жұмған әнші Джордж Майкл панасыздарға арналған орында жұмыс істеген, бұл ретте ол өз әрекеттерінің жасырын болғанын қалаған, деп хабарлайды РИА Новости Independent газетіне сілтеме жасай отырып. 

Джордж Майкл (шын аты Георгиос Кириакос Панайоту) бірер күн бұрын 53 жасқа қараған шағында Оксфордшир ағылшын графтығының Горинг елді мекенінде өз үйінде көз жұмды. Полиция оның өлімін "кенеттен, бірақ күдікті емес" деп бағалайды. БАҚ-та оның өлімінің себебі жүрек жетімсіздігі болуы мүмкін деп хабарлаған.  

"Майкл мен ерікті болған панасыздар орнында жұмыс істеген. Мен бұл туралы оның өтініші бойынша ешкімге айтқан емеспін. Ол сондай адам болатын",- деп келтіреді басылым қайырымдылық ұйымының белсендісі Эмилин Мондоның сөзін. 

Оның пікірінше, әртіс баспасөздің назарына ілікпеу үшін жасырын ұстаған. 

Майклдың жеке орындаушы ретінде де Wham! дуэтіндегі құрамындағы да мансабы кезінде жүз миллионға жуық оның жазбасы сатылған. Әншінің ең танымал туындылар Last Christmas, Wake me up before you go-go мен Элтон Джонмен бірлесіп жазылған Don`t let the sun go down on me болған. 


Жаңалықтар
0