АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Қазақстанның тумасы, нью-йорктік көше фотографы таңғажайып оқиғаны бастан кешірді: бір жарым жылдай бұрын Бродвейде түсірген суреті бойжеткенге қайталанбас қуаныш сыйлады, оның жігіті Оклендтегі қоймада болған өртте қаза тапқан болатын.
Екі апта бұрын Facebook желісінде Саи Томиоканың жазбасы пайда болды. Ол 2015 жылы 15 маусымда жігітімен сүйісіп тұрған сәтін суретке түсіріп алған бейтаныс фотографты іздеген болатын. Қыздың жазуынша, жігіті Гриффин Мэдден 3 желтоқсан күні Окленд түнгі клубында болған өртте қаза тапқан екен. Қыздың жазбасын 300-ден астам адам қайта жариялапты, ақыры соңында фотограф Аркен Аванның көзіне түссе керек. Айта кететін бір жайт, фотограф Қазақстанның тумасы.
Аванның сөзіне сүйенсек, сол бір суретті табу үшін 200000-нан астам суреттерді қарап шығуға тура келіпті. Суретті тапқан соң, Аван бойжеткенге былай деп жазды: Осы суретте бейнеленген тамаша сәт мәңгі жадыңызда қалады деп үміттенемін, Сая. Сіздің махаббатыңыз, Гриффин Мэдден туралы естелік болсын!"