АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Қазақстандық танымал сазгер Еркеш Шакеев қайтыс болған ұлы Сафар жайлы фильмді Facebook парақшасында жариялады.
"Бүгін баламды еске алу фильмінің түсірілімін аяқтадық. Мұны Сафардың және отбасымыздың достарымен, сондай-ақ, жақындарын ардақ тұтатын, өмірден озғандар туралы естелікті қастерлейтін барлық жандармен бөліскім келеді. Бұл өмірде болған жақсы адамдар, әсіресе сүйікті ұлым ешқашан ойымнан кетпейді", — деп жазды Еркеш Шакеев.
Еркеш Шакеевтің айтуынша, Сафарды соңғы сапарға аттандырған күні оған Бауыржан Шүкенов келіп, Сафардың туған күнін Арман кинотеатрында өткізуді ұсынған екен. Бұл ұсынысты кинотеатр акционері Эрпан Салимов та қолдапты. Еске алу кеші еріктілер мен жақын достарына арналатындығы ФБ-та айтылған еді.
Сафардың достары: Дан Камчатский, Дмитрий Лейхманн, Рүстем Төреғалиев, Наргиз Шүкенова, Кирилл және Диас фильмді түсіруге көмектесті.
Сонымен қатар, кешке Жұлдыз, Кентал, Ситора мен Парвиз Назаровтар, Толқын Забирова, Эрик Тастамбеков қатысты. Америкадан Сафардың бес досы мен үш ұстазы келді.