Өңірлер

Қазақстанда 29 желтоқсанда қысқы жылы ауа райы болады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚар жамылған Алматы
Қар жамылған Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің басым бөлігінде боран, тұман, көктайғақ болады және жел тұрады деп күтіледі

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын жауады деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Көптеген өңірлерде – орталықта, шығыста және солтүстікте – орташа ауа температурасы – 8-10 градус аяз, батыста – 2-4 градус аяз, ал оңтүстікте сынап бағанасы 2-4 градус нөлден жоғарылайды.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, боран болады деп күтіледі, желдің екпіні – 15-20, ұйытқуы – 25 м/с, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында – 30 м/с асады.

Шырша - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер Жаңа жыл қарсаңында күн жылиды деп болжайды

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында – тұман, көктайғақ, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні – 15-20 м/с, таңертең және күндіз ұйытқуы – 25 м/с.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында – боран, желдің екпіні – 15-20 м/с, Ақмола облысында кей жерлерде тұман.

Алматы облысында – тұман, Жалаңкөл ауданында – желдің екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында – тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында төменнен соққан боран болады деп күтіледі.

Қарағанды облысында – тұман.

Жаңалықтар
0