Өңірлер

Синоптиктер Жаңа жыл қарсаңында күн жылиды деп болжайды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуШырша
Шырша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 2-5 градусқа жоғары болады

АСТАНА, 28 жел — Sputnik. "Қазгидромет" метеоқызметі 2016 жылдың соңғы үш күніне ауа райы болжамын жасады, ақпарат мекеме сайтында жарияланған. 

Жаңа жылдық шырша Астанада - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Астанада Жаңа жыл: фейерверктер, шоу және жаппай сырғанау

"29-31желтоқсанда облыстардың көбінде қар жауып, боран соғып, батыс желі   15-20 м/с дейін күшейеді, бірақ ауа температурасы нормадан 2-5º С жоғары болып, қатты аяз болмайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда, оңтүстік циклонның ықпалынан, қар және сулы қар түріндегі жауын-шашын түсіп, соған орай көктайғақ пен тұман күтіледі, бұл жерлерде температура сондай-ақ климаттық мәннен жоғары болады", — делінген хабарламада. 

Жаңа жыл түніне және мерекелік күндерге арналған ауа-райы болжамы 30 желтоқсанда шығарылады.

Жаңалықтар
0