Оқиға

Режиссер Талғад Жәнібековті жемқорлыққа қарсы қызмет ұстады

© AP Photo / Richard DrewҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Феникс" фильмінің режиссері Талғад Жәнібеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағы жауап алудан кейін бюджеттік қаражатты ұрлауға қатысы бар деген күдікпен ұсталды

АСТАНА, 28 жел — Sputnik. "Феникс" фильмінің режиссері Талғад Жәнібековті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті ұстады. Ұсталғанның адвокаты Серік Айтбаев Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, сәрсенбі күні оның клиентін кезекті жауап алуға шақырған. 

"Бүгін сағат 12.30-да ұстады. Жемқорлыққа қарсы қызметке жауап алуға шақырған. Оған "Феникс" фильміне бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлады деген күдік келтіріліп отыр. Ол ешқайда кетпеу бұлтарпау шарасымен жүрген — екі айдан бері күдікті. Бұл бұлтарпау шарасын енді ұстауға ауыстырып жатыр. Қылмыс орнында ұсаған секілді", — деді адвокат. 

© Photo : аккаунт в FacebookРежиссер Талгад Жаныбеков
Режиссер Талгад Жаныбеков - Sputnik Қазақстан
Режиссер Талгад Жаныбеков

"Үш тәулік ішінде сот оны екі айға қамауға алуға санкция беруі мүмкін. Ол өз кінәсін мойындап отырған жоқ. Жаманқұлов өз кінәсін мойындады, барлығы кінәларын мойындады, ол мойындаған жоқ", дейді Айтбаев. 

Тұңғышбай Жаманқұлов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаманқұлов ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарды
  Оның сөзіне қарағанда, ұстауға дейін оны көп мәрте жауап алуға шақырған. "Тәуілігіне екі рет – таңертең және кешке – жауап алуға шақыратын. Біз жәй ғана дәлізде отыратынбыз… Екі саға отырамыз сосын үйге жіберетін. Мойындап келтірілген зиянды өтеуді ұсынған. Бұлтартпау шарасына шағым түсіремін, прокуратураға шағым жазамын", — деді адвокат. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметтеріне сәйкес, "Қазақфильм" АҚ фильм түсірілімінің дайындық алды және дайындық кезеңдері үшін "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-не 79 миллион теңге қаражат аударған. Оның 69 миллион теңгесін "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС құрушысы, кинокартинаның бас продюсері Жаманқұлов ұрлады деп айыпталған. Кейіннен ол кінәсін мойындап, 6 миллион теңге қайтарды. Сонымен қатар "Қазақфильм" алдындағы қарызды жабуға уәде берген. 


Жаңалықтар
0