Қоғам

Қазақстанда құрамында метанолы бар өнімдердің заттаңбасына белгі қою ұсынылды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуСпирт
Спирт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісмен Иркутскіде орын алған қайғылы оқиғаның қайталанбауы үшін метил спирті бар өнімдерге "У" деген белгі қоюды ұсынып, депутаттық сауал жолдады.

АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Қазақстан мәжілісінің депутаттары Ресейде "Долана" сұйықтығына жаппай улану орын алғаннан кейін метил спритін пайдалану қауіптілігі туралы өнім заттаңбасында ескерту белгілерін қоюды ұсынып отыр.

долана сұйықтығы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстандықтарды "Долана" сұйықтығын сатып алуда сақ болуға шақырды
 

Мәжілісі депутаты Иван Клименко сәрсенбідегі палатаның жалпы отырысында үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына тиісті сауал жолдады.  Клименконың атап өтуіне қарағанда, метил спиртімен жаппай уланудың орын алуына байланысты оның Қазақстан аумағында айналымына қадағалауды күшейтуге уақыт келген. 

"Жұртшылықтың құрамында метанолы бар техникалық құралдарды суррогатты алкоголь ретінде пайдаланудың ауыр салдары туралы жеткілікті түрде ақпараттанбағаны, денсаулыққа зиян келтіретін факторларға немқұрайды қарау тұрмыста улануға әкеп соқтырады", — деді Клименко, сауалды жолдай отырып. 

Қазақстанның тұтынушы нарығында өндірісінде метил спирті пайдаланылатын өнімдер бар. Оның терезе тазартатын сұйықтықтарға, парфюмерлік косметикалық өнімдерге қолданылатынын атап өтті депутат. 

Осы орайда, өндірушінің алкогольдік өнімді жасау кезде метанол үлесін арттыру мүмкіндігіне жол бермейтін шаралар кешенін қабылдау қажеттігіне сенімді Клименко. 

"Құрамында метил спирті бар өнімдердің өндірушілерін заттаңбаның сыртқы бетіне бас әріппен "Сақ болыңыз! У! Метил спирті!" деген белгі қоюға міндеттеу қажет", — деп қосты ол. 


Жаңалықтар
0