АСТАНА, 21 жел – Sputnik. ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қазақстандықтарды құрамында спирті бар "Долананы" сатып алуды мұқият болуға шақырады.
"Комитет Ресейде қалыптасқан жағдайға алаңдауда және Қазақстан Республикасының тұрғындарын әртүрлі алкоголь өнімдері мен жоғарыда көрсетілген "Долана" сұйықтығын сатып алу кезінде мұқият және абай болуға шақырады", — делінген комитет баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған сұйықтық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді және сатылымға жіберілмеуі тиіс. Белгіленбеген сауда орындарынан сатып алынған және растайтын құжаттары жоқ алкоголь сусындары қолдан жасалған болуы және өмір мен денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
Жаппай улану ағымдағы жылғы 17-18 желтоқсанда құрамында метил спирті (метанол) бар "Долана" сұйықтығын тұтынудан кейін орын алған. Иркутск облысында жоғарыда көрсетілген құрамында спирті бар сұйықтықты тұтынудан кейін қайтыс болғандар саны 61 адамға өскен.