АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Иркутскіде "доланаға" улану салдарынан 102 адам зардап шекті, деп хабарлады сәрсенбіде РИА Новостиге Иркустск облысы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Татьяна Шкурская.
"Соңғы деректерге сәйкес, зардап шеккендер – 102, оның ішінде 58 адам қаза тапты, 41 адам ем қабылдар жатыр. Екеуі амбулаториялық ем қабылдауда. Бір адам емделіп шықты. Барлық зерттелер бойынша динамика жақсы", — деді агенттікпен әңгімелесуші.
Демалыс күндері Иркутскіде құрамында спирті бар "Доланамен" жаппай улану орын алды. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады. Өнімді сақтау қоймасы анықталып, тоғыз адам ұсталды.