АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Сәрсенбі күні таңертең Ауғанстан астанасы Кабулда теракт болды, террористтер Ауғанстан парламенті мүшелерінің бірін өлтіруге оқталған дер хабарлайды РИА Новости Пажвак агенттігіне сілтеме жасап.
TOLO News телеаранасы дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Ауғанстан парламенті мүшесі Фаруки Бехишти автокөлігіне орнатылған жарылғыш құрылғы іске асып, нәтижесінде Фаруки жарақат алған. Сондай-ақ, оның оққағарының қаза тапқаны хабарланды.
Ауғанстандағы ахуал соңғы айларда айтарлықтай ушығып кетті. "Талибан" радикалды қозғалысы елдің ауылдық аудандарын басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасай бастады. Сонымен қатар, ел аумағында Қазақстанда және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған террорлық топ "Ислам мемлекетінің" ықпалы күшейіп келеді.