Жарылыстардан зардап шеккендер саны 166 адамға өсті. Бұрын 15 адам қаза тауып, 70-і жарақат алды деп хабарланған. Ердоған террорлық актіге байланысты Қазақстанға сапарын кейінге шегерді.
Daily Sabah басылымының ақпараты бойынша, Түркия премьері Бинали Йылдырым бір күндік ұлттық аза тұту туралы жария ететін жарлыққа қол қойды. Ол сондай-ақ бұл терактінің жазасыз қалмайтындығы мен бұл шабуылдың халық бірлігін бұза алмайтындығы туралы мәлімдеді.
Жарылыстар 1,5 сағат бұрын Түркиялық "Бешикташ" және "Бурсаспор" командалары арасында матч өткен стадион маңында орын алды.