Саясат

Мәжіліс Тінікеевтің депутаттық өкілеттігін тоқтатуды жақтап дауыс берді

Жазылу
Мәжіліс депутаттары Тінікеевтің депутаттық өкілеттігін босату туралы шешімін қолдады

АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Сәрсенбі күні жалпы отырыста мәжіліс депутаттары әлеуметтік желілерде тарап кеткен аты шулы бейнежазбадан соң Мұхтар Тінікеевтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді қолдап дауыс берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі.

Мұхтар Тінікеев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тінікеев аты шулы бейнеден кейін депутаттық өкілеттігінен бас тартты

Бұдан бұрын Тінікеев парламент мәжілісінің депутаты өкілеттігінен бас тарту туралы шешім қабылдаған болатын. 

"Республиканың орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевтің мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатуы туралы ұсыныс енгізді", — деді ҚР орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев.

Депутаттар Тінікеевтің өкілеттігін тоқтатуды қолдап дауыс берді.

Жаңалықтар
0