Спорт

Головкин Forbes бойынша MVP тізімінде үшінші орынды иеленді

© AP Photo / Mark J. TerrillГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
MVP рейтингінде боксшылардың спорттық жетістіктері мен кәсіби рингте алған сыйақыларының көлемі есепке алынады

АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Орташа салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Forbes журналының 2016 жылғы MVP боксшылар тізімінде үшінші орын алды.

Рой Джонс - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бокс аңызы Рой Джонс: бесбармақ, Головкин және өмірлік ұстанымы туралы

Forbes рейтингінде бірінші орынды ресейлік Сергей Ковалев пен америкалық Андре Уорд арасында ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA (Super), WBО және IBF бойынша әлем чемпионы атақтары үшін өткен жекпе-жекке қатысушылар иеленді. Бұл жекпе-жекте Уорд 5 миллион доллар, Ковалев екі миллион доллар ұтқан болатын.

Екінші орында – GGG-дан "қашып кеткен" мексикалық Сауль "Канело" Альварес.

Жаңалықтар
0