АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Өрт шыққан кезде үйде ешкім болмаған, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт 27 желтоқсан күні күндіз жеке үйде шыққан. Тұтану кезінде, үй иелерінің сөзіне қарағанда, үйде ешкім болмаған. Онда алты жаннан тұратын отбасы өмір сүрген. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт қарқынмен ғимараттың конструкциясын жойған. Үйдің барлық дерлік бөлшектері ағаштан жасалған. Өрттің жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрады.
Қазіргі уақытта мамандар тұтану себептерін анықтауда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 18 адамы мен бес техника бірлігі жұмылдырылған. Өртпен күресшілер үйдің ішінде болған газ баллондарының жарылуын алдын алған.