Оқиға

Ақтауда өтіп бара жатқан адамдар екі баланы өрттен құтқарды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт өндірістік база әкімшілік ғимаратының екінші қабатында орын алды

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өтіп бара жатқан адамдар төрт жасар бала мен бес жасар қызды құтқарды, деп жазады өңірлік "Лада" басылымы. 

Оқиға туралы дабылды өрт қызметіне кездейсоқ куәгерлер 2016 жылғы 22 желтоқсан күні 12:34-те хабар берген. Әкімшілік ғимараттың екінші қабатындағы кеңселік жиһаз жанып кеткен. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрайды. Екінші қабат жалынға қақталған.

"Өрт сөндірушілер келгенше кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар еңселік ғимаратта болған 4 және 5 жастағы ұл мен қызды құтқарып қалды. Балалардың анасы ғимарат жанындағы "777" дәмханасында болған. Ол сонда жұмыс істейді. Оқиғадан балалардың анасы есеңгіреп қалды, онымен психологтар жұмыс істеуде. Балалардың айтуынша, олар сіріңкемен ойнаған. Өрт 8 минуттан кейін ауыздықталды", — деп жазады басылым.

 Оқиға орнында  жеке құрамнан 15 адам және 4 арнайы техника жұмыс істеді. Тұтанудың  нақты себебін тергеу нәтижелері бойынша анықтайды.


Жаңалықтар
0