Әлем

Нетаньяху Украина премьерінің Израилге сапарын болдырмай тастады

© Sputnik / Михаил Маркив / Медиабанкке өтуИзраиль мен Украина тулары
Израиль мен Украина тулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осылайша, Израиль Киевтің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қоныстануға қарсы қарарын қолдауына наразылығын білдірді

АСТАНА, 25 жел — Sputnik. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Украина үкімет басшысы Владимир Гройсманның келесі аптаға жоспарланған іссапарын болдырмай тастады деп хабарлайды РИА Новости Израиль жаңалықтар порталы "Уай-нетке" сілтеме жасап.

Израиль премьер-министрі  Биньямин Нетаньяху - Sputnik Қазақстан
Саясат
Биньямин Нетаньяху алғаш рет Қазақстанға келеді

"Іссапарды болдырмауға шешім қабылдауға себеп – әдетте Израилмен достық қарым-қатынастағы Украинаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қоныстануға қарсы қарарын қолдауы болып табылады", — делінген басылымда, алайда ақпараттың дереккөзі көрсетілмеген.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұма күні қарар қабылдады, ол басып алынған палестиналық аумаққа, оның ішінде Шығыс Иерусалимге Израилдің елді-мекендер салмауын талап етеді. Израилдің бірқатар үндеуіне қарамастан, АҚШ дауыс беру кезінде қалыс қалып, нәтижесінде қарар қабылданды. Нетаньяху қарарды орындамайтынын мәлімдеген болатын. 

Жаңалықтар
0