АСТАНА, 23 дек — Sputnik. Қазақстандық арнайы қызмет "Ат-Такфир уаль-Хиджра" экстремистік ұйымының ұяшықтарын жойып, діни алауыздықты қоздырды деген күдік бойынша 33 адам ұсталды, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
"Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни-экстремистік ұйымының ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша анайы операция Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Алматы қаласында 21 желтоқсанда басталған.
"Ат-Такфир уаль-Хиджра" жақтаушыларының тұратын және жиналатын мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту барысында діни материалдар, компакт-дисктер, компьютерлік техника және үлкен сомада ақша табылып, алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бүгінгі күні алынған айғақтар жиынтығы бойынша "Ат-Такфир уаль-Хиджра" ұяшығының 7 көшбасшысы мен белсенді қатысушыларына қатысты қамауға алу түрінде, біреуіне – ешқайда кетпеу жайында алдын алу шаралары қолданылды. 8 адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Ұйымның қатардағы 17 мүшесі әзірше тергеуге куәгер ретінде тартылады.
Ұсталған адамдардың көпшілігі мойындау түсініктерін берді және тергеумен ынтымақтасып жұмыс істеуге ниет білдірді. Олардан радикалдық идеология насихатталатын жасырын жиындарды өткізу туралы мәліметтер алынды. Сонымен қатар қазақстандық ұяшықтардың іс-әрекеті шетелден басқарылып отырған.
Жедел-тергеу іс-әрекеттері жалғасуда.