Әлем

БАҚ: Мальтада жолаушылары бар ливиялық ұшақты басып алды

© REUTERS / Darrin Zamit-LupiҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БАҚ-тың деректеріне сәйкес, басып алушы шарттарының барлығы орындалған жағдайда жолаушыларды босатуға уәде берген

АСТАНА, 23 дек — Sputnik. Бортында 118 жолаушысы болған ливиялық Afriqiyah Airways әуе компаниясының ұшағын айдап әкеткен болуы мүмкін, әуе кемесі Малтаға қонған, деп жазады РИА Новости Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Су-27 - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанда оқу-жаттығулар кезінде Су-27 ұшағы апатқа ұшырады

Мальта премьері өзін аралға бет алған ливиялық ұшақты айдап әкеткен болуы мүмкін деп ақпараттандырғанын мәлімдеді. 

"Мальтаға бағыт алған ливиялық ішкі рейстің басып алынған болуы ықтималдығы туралы жағдайдан хабардармын", — деп жазды премьер өзінің Twitter-дегі аккаунтында.

Оның сөзіне қарағанда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша операция әзірленуде.

Times of Malta газетінің ақпаратына сәйкес, бір қаруланған басып алушы ұшақ бортында. Айдап әкетуші гранатамен қаруланғаны туралы мәлімдеп, егер оның талаптары орындалған жағдайда барлық жолаушыларды босататын ниеті туралы хабарлады. Оның талаптары қандай екені әзірге нақтыланбайды.

Сондай-ақ, басып алушы Ливияның бұрынғы премьер-министрі Муаммар Каддафидің жақтаушысы болатынын мәлімдеген.

Мальталық БАҚ ливиялық ұшақтың Сабха қаласынан Триполиге рейс жасаған. Болжаулы басып алу нәтижесінде ол бағытын өзгертіп, Мальтаға қонған. Бортта алдын ала болжам бойынша 118 адам болған. 


Жаңалықтар
0