АСТАНА, 21 жел – Sputnik. 21 желтоқсан күні оқу ұшуын орындау кезінде авиациялық қақтығыстың салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға, ведомствоның хабарлауынша, Талдықорған аумағында түнгі жағдайда оқу ұшуын орындау кезінде
Ұшқыш майор Ысқақов барынша күш-жігерін салып, ұшақты елді мекеннен әрі қарай бұрып жіберді. Одан кейін қарғып түсу әдісін қолданды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта ұшқыштың жағдайы қанағаттанарлық. Қақтығыстың себептері мен мән-жайын ҚР Қорғаныс министрі тағайындаған комиссия анықтауда.
Майор Ысқақовтың күндізгі және түнгі уақыттағы жалпы ұшып өтуі 556 сағатты құрайтынын айта кеткен жөн.