Оқиға

Қостанайға мал алуға барған оңтүстік қазақстандықтардың оқиғасы

© ДЧС Северо-Казахстанской областиБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаздық дөңгелегі ауыспаған жүк көлігі қар құрсауынан өз бетімен шыға алмаған

АСТАНА, 22 жел — Sputnik. Қостанай облысында мал тиелген КамАЗ қар құрсауынан төрт тәулік бойы шыға алмады.

Бес ер адам мен 26 бас жылқы қатты аязда далада қалды. 

Қысқы тас жол - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында барлық жолдар жабылды

"Біз Қостанай облысының Қарасу ауданына Шымкенттен мал сатып алу үшін келдік. Кері қайтар жолда Ушаково ауылынан 6 шақырым жерде қарға батып қалдық. Қатты боран соғып, жолды қар басып қалды. Құтқарушыларды шақырдық. Олар бізді қауіпсіз жерге жеткізуді ұсынды. Бірақ 26 жылқыны не істейміз? Оларды қалай қалдырмақпыз? Оларға кім азық береді? Олар тоңып қалады ғой, ауа температурасы – 35 градус. Біз мал сатып алу үшін ірі көлемде несие алғанбыз. Егер жылқылар өліп қалса, қарызды қалай төлейтін едік? Сондықтан қауіпсіз жерге көшіруден бас тарттық. Бірнеше күн бойы бізге ешкім көмек көрсете алмаған соң біз үмітсіздікке түсе бастадық", — деді алысқа қатынайтын жүргізуші Тұрдалы Ғаибназар. 

Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінде осы уақыт бойы адамдардың қасында Солтүстік өңірлік аэромобильді оперативті құтқару жасағының үш қызметкері кезекшілік еткенін атап өтті. Олар жүргізушілердің отыны таусылып немесе адамдардың бірі өзін нашар сезіну жағдайына сақтандырып отырған. 

Адамдарға ыстық тамақ, малға жем жеткізу мен жолды тазарту бойынша жұмыстармен жергілікті билік айналысқан. 

Жүргізушілерге малды жақын орналасқан ауылға жеткізуді ұсынған. Бірақ олар бас тартқан. 

Боран - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Волочкова Қазақстанда: жел ұшырып түсіріп, көлік есіктерін жұлып жатты

"Жол бүгін тазаланды, бірақ КамАЗ ұзақ уақытқа дейін орнынан өз бетімен жылжи алмаған, ол жазғы дөңгелектермен болған", — деп түсіндірді Қостанай облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Уәлихан Дүйсенов. 

Бірнеше сағат бұрын ауыр техниканың көмегімен жүк көлігін Әулиекөл-Жолдама негізгі тас жолына шығару мүмкін болды. Алысқа қатынайтын жүргізушілер Шымкентке қарай жолға шықты. Біразға дейін оларды құтқарушылар шығарып салатын болады. 


Жаңалықтар
0