Оқиға

Волочкова Қазақстанда: жел ұшырып түсіріп, көлік есіктерін жұлып жатты

© Photo : Аккаунт Анастасии Волочковой в InstagramБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Анастасия Волочкованың PR-директоры Қарағанды облысында әртістердің көлікті кесек қардан қалай итеріп шығарғандары туралы айтып берді.

АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Анастасия Волочкованың PR-директоры Наталья Ракицкая Sputnik Қазақстан агенттігіне Қарағандыға барар жолда әртістердің қандай оқиғаға тап болғандары туралы айтып берді. 

Анастасия Волочкова - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Анастасия Волочкова Астана-Қарағанды тас жолында қар құрсауында қалып қойды

"Құдайға шүкір, жаман ештеңе болмады. "Леди" спектакльінде ойнайтын әртістер оның ішінде Астахов, Соколовский және Волочкова Қарағандыға қарай жолға шыққан. Жолда көлік тұрып қалды. Мен бірден продюсерге, продюсердің көмекшісі Анжелаға телефон соға бастадым. Олар менің түсінуімше, көмекке келуге асыққан. Жігіттер, әртістер көлікті кесек қардан итеріп, шығара бастады", — деді Ракицкая.

Ракицкаяның атап өтуінше, оқиға Волочкова үшін күйзелісті болған. 

 

"Жел ұшырып түсіріп жатты, көлік есігін ашқанда  қатты жыл есікті жұлған. Аздап қорқынышты болды. Оларды шығарған кезде, әлі 200-дей шақырым жүру керек болатын. Бірақ әртістер – шыныққан адамдар. Әрине мұндай оқиғалар өмір бойына ұмытылмайды. Олар күлімсіреп еске алып, кездескен кезде еске алып сөйлесуге себеп болады", — деді Ракицкая. 

Бүгін оның сөзіне қарағанда, топ Қарағандыдан Павлодарға аттанады. Ол бәрі жақсы өтіп, жоспарланған спектаклді өткізуге ештеңенің кедергі болмайтынына үміт білдірді. 

 

Прогноз погоды: СНЕГ…💨🙈 А мы где? Уже в Караганде!💃🏼 #волочкова #леди #look #казахстан #буря

Видео опубликовано Анастасия Волочкова (@volochkova_art) Дек 20 2016 в 9:47 PST

 

Бұдан бұрын Анастасия Волочкова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Астанадан Қарағандыға қарай жолда тұрып қалғанын жазып, "қатты қорқынышты" болғанын бөліскен. Автобанды оның айтуынша, қар басып, ұзын жолмен жүруге тура келген. 


Жаңалықтар
0