Қоғам

БҒМ алғаш рет Астанада оқушының өліміне қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым министрлігіне Астанада оқушының жұмбақ қазасы туралы мәселенің басын ашпады

АСТАНА, 22 жел — Sputnik. Мектепте қайтыс болған сегізінші сынып оқушысының өлу себебі қаңтардың басында белгілі болады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева. 

Реанимация - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанадағы оқушы өлімі туралы деректер анықталды

"Арнайы криминалистер жүргізіп отырған сот-медициналық сараптама қорытындысы қаңтар айының басында дайын болады. Онда ол баланың өмірі неліктен үзілгенін анықтау үшін  Астана мен Алматыдан шақырылған үлкен топ, үлкен комиссия жұмыс істеп жатыр. Сараптама дайын болмай жатып, қандай да бір нәрсені айтудың мәні жоқ. Біз қазір баланың не себептен көз жұмғанын білмегендіктен ештеңе айта алмаймыз", — деді Суханбердиева  баспасөз мәслихатында. 

Ол сондай-ақ, оқушының өлу себебі төбелес болуы мүмкін деген ойға пікір білдірді. 

"Төбелес болды ма, жоқ па, айтуға ерте, тергеушілер жұмыс істеп жатыр, балалардың көбі төбелестің болмағанын айтып жатса, кейбіреуі болды дейді. Қазір ол жерде жеке қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, оқытушы оқиға кезінде сыныпта болмаған, болса да, сыныптан шығып кеткен, бұл расталды", — деді ол. 

Бұрын хабарланғандай, 2002 жылы туылған сегізінші сынып оқушысы №59 мектеп-лицейінде шамамен сағат 13.00-дерде қайтыс болған еді. Өлімінің бастапқы себебі ретінде жүрек жетіспеушілігі айтылған, бұл туралы мұғалімдері де айтқан еді. Алайда оқушының туыстары мектепте төбелес болды деп мәлімдеді.

Полицияда қазіргі уақытта сот-медициналық сараптаманың жүргізіліп жатқаны, соның қорытындылары бойынша жеткіншек өлімінің себебі анықталатынын хабарлаған. 


Жаңалықтар
0