Қоғам

Қазақстан Рахат Әлиевтің өлімі себептерінің анықталуына мүдделі

© SputnikҚР Бас прократурасы
ҚР Бас прократурасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Бас прокуратурасы Рахат Әлиевтің австриялық түрмеде зорлық өлімі туралы тексеруді австралиялық трап жүргізуі тиіс деп санайды.

АСТАНА, 22 жел  - Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы және республиканың Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің өлімінің нақты себептерін анықтауға австриялық тарапқа көмек көрсетуге дайын екендігі туралы мәлімдеді. 

Рахат Әлиев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Рахат Әлиевтің өлімі туралы жаңа деректер пайда болды

"Бас  прокуратура Әлиевтің өлімінің мән-жайы мен себептерін анықтауға мүдделі және Австрияның құқық қорғау органдарына барлық қажетті құқықтық көмек көрсетуге дайын", — делінген РИА Новости агенттігінің сауалына берген жауапта. 

Онда сондай-ақ қазақстандық тараптың Әлиевтің өліміне қатысты деректерді тергеуге қатыспағаны атап өтілген. 

"Осыған байланысты Бринкманның келтірген дәлелдерін тексеру Австрияның уәкілетті органдарымен  жүргізілуі тиіс деп санаймыз", — деп көрсетілген Бас прокуратураның хабарламасында. 

Бас прокуратура Әлиевтің өлімін тергеуде австриялық тарапқа бірнеше рет көмек ұсынғанын алға тартады. Бұл ретте өз сұрауларында тергеудің жан-жақтылығы мен нақтылығын қамтамасыз ету үшін австриялық тарапқа тергеуге өзге елдердің сот сарапшыларын тартуды ұсынған. 

Австрия - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Австрияның әділет министрлігі Рахат Әлиев өзіне қол салды деген болжамды алға тартады

Ведомствоның деректеріне сәйкес, ағымдағы жылғы 21 қарашада Бас прокуратура дипломатиялық арналар бойынша Әлиевтің өлімі туралы апостильденген куәлігі мен 2015 жылғы 9 наурызда Швейцарияның Санкт-Галлен Сот медицина институтында қайта жасалған сот-медициналық сараптаманың көшірмесін алған. 

"Ол құжаттар Әлиевтің өлімі дерегі бойынша оған қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату туралы мәселені шешу үшін тергеу органдарына жіберілді",- деп атап көрсетілген Бас прокуратураның ақпаратында. 


Жаңалықтар
0