Саясат

Рахат Әлиевтің өлімі туралы жаңа деректер пайда болды

Жазылу
Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевті Австрия түрмесінде зорлықпен өлтіріп кеткен деп санайды сенімді сот-медициналық сарапшы.

АСТАНА, 13 жел — Sputnik. Сенімді неміс сот-медициналық сарапшысы Бернд Бринкманн бұрынғы қазақстандық шенеунік әрі дипломат Рахат Әлиевті 2015 жылы ақпан айында Австрия түрмесінде зорлықпен өлтірді деген қорытындыға келді деп хабарлайды неміс басылымы Die Zeit.

Сарапшы Әлиевті тұншықтырып өлтірген деген қорытынды жасады, яғни қылмыскер немесе қылмыскерлер оның аузы-мұрнын жауып, кеудесін күшпен басқан. 

Мұхтар Аблязов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әбілязовтың қызы әкесінің бостандыққа шыққандығын хабарлады

Австриялық БАҚ деректері бойынша, Бринкманн – танымал сарапшы, асылып қалу және тұншықтыру жайттары бойынша мамандандырылған. Әлиевтің зорлықпен өлтірілгені туралы қорытындыға өлікті сою протоколдары мен мәйіттің суреттерін сараптау арқылы келген. Оның сөзіне сүйенсек, Әлиевтің денесіндегі көгерген жерлер мен бет терісінің реңі оның зорлықпен өлтірілгендігін дәлелдейді. 

Әлиевтің қорғаушылары бұрынғы қазақстандық шенеуніктің өлімі себептерін тергеуді қайта бастауды талап етуді көздеп отыр. 

Жаңалықтар
0