Саясат

Әбілязовтың қызы әкесінің бостандыққа шыққандығын хабарлады

© Sputnik / Владимир Третьяков / Медиабанкке өтуМұхтар Аблязов
Мұхтар Аблязов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілерде бостандыққа шыққан Мұхтар Әбілязовтың суреттері пайда болды.

АСТАНА, 10 жел — Sputnik. Мұхтар Аблязовтың қызы Мадина Facebook  парақшасында әкесінің босап шыққандығын хабарлады.

Қызы Мұхтар  Әбілязовтың  екі суретін жариялап, астына "Бостандықта!" және "Үйде!" деп жазды.

Қазақстандық БТА Банкінің бұрынғы басшысы 2009 жылы өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Қазақстаннан қашып кеткен еді. Ресей мен Украинада да Әбілязовқа қатысты қылмыстық істер қозғалды. Мұхтар Әбілязов 2013 жылы шілде айында француз Альпы тауларында ұсталған, оның жер аударылуын Ресей мен Украина сұрап отыр, өйткені Астана мен Париж арасында экстрадация туралы келісім жоқ. 

Жаңалықтар
0