Әлем

Еуропадағы көші-қон дағдарысы: Қазақстанға ықпалы қандай

© Sputnik / Медиабанкке өтуБосқындар
Босқындар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еуропа тұрғындарының басым көпшілігі соңғы жыл ішінде елдердегі мигранттар мәселесі ушығып кетті деп санайды.

АСТАНА, 22 жел – Sputnik. Еуропа тұрғындарының көші-қон саясатына наразылығы артып келеді, бастапқыда босқындарға түсіністік танытқан еуропалықтар қазіргі уақытта елдердегі мигранттар ахуалы ушығып кетті деп санайды, Sputnik.Пікір сауалнамасының нәтижесі соны дәлелдейді.

Астана, бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ыдырысов: Астана Сирия бойынша келіссөздер үшін үздік орынға айналады

Еуропа Екінші дүниежүзілік соғыстан бері ең күрделі көші-қон дағдарысын бастан кешіруде, бұған Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдеріндегі соғыстар себеп болды. Әр түрлі халықаралық ұйымдардың мәліметінше, Еуропадағы босқындар саны екі миллионға жетті. 

Сауалнама нәтижесі бойынша, Италия (79%), Франция (67%) және Ұлыбритания (53%) тұрғындарының басым көпшілігі соңғы жыл ішінде елдердегі мигранттар мәселесі ушығып кетті деп санайды. Германия мен Испанияда дәл осындай пікірді қолдағандар 45%-ды құрайды, ал Польшада олардың саны аз болып шықты — 35%. 

Мигранттар ахуалының жақсарғанын немістердің 16%-ы, Франция, Испания және Ұлыбритания тұрғындарының 7%-ы, Польшадағы сауалнамаға қатысушылардың 6%-ы, Италиядағылардың 2%-ы ғана байқаған.

Алеппо - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сирия әскері Алеппоның солтүстік шығысын толық бақылауға алды

Мигранттар ахуалына қанағаттанбайтындардың қатарында негізінен оңшыл партияны жақтаушылар мен 35 жастан асқандар. Польшада бұл көрсеткіш өзгеше – әр түрлі саяси көзқарастағылар арасында айырмашылық болмай шықты. Содан соң Германияда әр түрлі жастағы респонденттер бірдей пікір білдірді. 

Саясаткер Марат Шибұтовтың пікірінше, Еуропадағы көші-қон дағдарысы шектен тыс саясаттандырылған. "Тым оңшыл немесе тым солшылдар мигранттар мәселесін пайдаланып кетеді. Бейтараптар, әрине, аздау", — деді Шибұтов Sputnik Қазақстан тілшісіне.

АҚШ-та мигранттар мәселесінің ушыққанын респонденттердің 38%-ы атап көрсетті. Бұл мәселедегі жағымды өзгерістерді жауап бергендердің 19%-ы ғана байқаған, ал 33%-ы ештеңе өзгерген жоқ деп санайды.

© SputnikЕуропа мен АҚШ-тағы босқындар ахуалы туралы сауалнама нәтижелері
Еуропа мен АҚШ-тағы босқындар ахуалы туралы сауалнама нәтижелері - Sputnik Қазақстан
Еуропа мен АҚШ-тағы босқындар ахуалы туралы сауалнама нәтижелері

Бағымызға орай, мигранттар мәселесі Қазақстанға әсер еткен жоқ. Ауқатты әрі толерантты Еуропа босқындарды бірден баурап алды, еуропалықтар оларға материалдық қолдау көрсетіп, қоғамға тез бейімделіп кетуіне көмектесуге дайын.

"Қазақстан аумағының 66%-н шөлдер мен шөлейт жерлер алып жатыр. Әрі қыстыгүні аймақтар арасындағы көлік қатынасы қиындайды. Бәрінен бұрын, Еуропаның климаты босқындарға қолайлы. Бізге әрі кетсе Ауғанстанның немесе көршілес елдердің босқындары келуі мүмкін", — дейді саясаткер.

Сауалнаманы Франциядағы қоғамдық пікірді анықтаумен айналысатын ең ежелгі компания IFop 2016 жылы 22-26 қазан аралығында жүргізді.

Сириялық босқын Муханад Муса - Sputnik Қазақстан
Әлем
Cириялық босқын ескі сөреден 150 мың еуро тапты

Сауалнамаға Франция, Германия, Италия, Испания, Польша, Ұлыбритания және АҚШ-тан 18 жастан асқан 7043 респондент қатысты. Іріктеме халықты жасы, жынысы, географиялық орны бойынша бөліп көрсетеді. Деректер үшін алынған іріктеменің максималдық қателігі бүкіл мемлекет бойынша  +/- 3,1% құрайды, сенімгерлік ықтималдығы 95%.

Sputnik.Пікір туралы мәлімет

Қоғамдық пікірді зерттеу жөніндегі халықаралық жоба 2015 жылы қаңтарда іске кірісті. Жоба серіктестері – танымал зерттеу компаниялары Populus, Ifop және forsa. Sputnik.Пікір жобасы аясында ең өзекті әлеуметтік және саяси мәселелер бойынша коғамдық пікірді білу үшін АҚШ және Еуропа елдерінде сауалнама жүргізіледі. 

Sputnik — ондаған елдерде мультимедиялық ақпараттық хабы бар жаңалықтар агенттігі және радиосы. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.

Жаңалықтар
0