АСТАНА, 20 жел — Sputnik. Астана Сирия бойынша келіссөздер жүргізу үшін үздік орынға айналады, деп мәлім етті Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
"Идея талқыланып, оның мәні Астананың балама платформаға айналуында болған. Біз бұл идеяны құптаймыз, өйткені біз Сириядағы жағдайдың тұрақталуын қалаймыз. Бұл өте көп азап шеккен ел", — деді Ыдырысов дипломатиялық корпусқа арналған брифингте.
"Астананың бұл бастама үшін үздік орын болатынымен барлығы келіседі, өйткені Қазақстан бұл идеяны ешқашан жоққа шығармайды. Мұны президентіміз өз әріптестері – Путин мырза мен Ердоған мырзаға айтты", — деп толықтырды министр.
Ол, Астанада сириялық оппозиция келіссөздерінің екі раунды өткенін еске салды.