Қоғам

ҚР парламенті қарсы барлау туралы заң қабылдады

© Sputnik / Igor ZaremboӘскери адам
Әскери адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңда алғаш рет қарсы барлау қызметінің құқықтық негіздерін бекіту ұсынылды

АСТАНА, 22 жел – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының депутаттары қарсы барлау қызметі туралы заңды екінші оқылымда қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

әскери қызметкер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Барлаушы офицер Атырауда асылып қалды

Ұсынылған заң қарсы барлау қызметінің құқықтық негіздерін алғаш рет заңнама деңгейінде бекітеді. Заңда қарсы барлау қызметінің мақсаттары мен қағидалары, қарсы барлау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Қарсы барлау субъектілеріне ұлттық қауіпсіздік органдары, мемлекеттік қорғаныс қызметі және сыртқы барлау қызметі жатады.

Заң қарсы барлау қызметінің бағыт-бағдары мен негізгі басымдылықтарын анықтау жөнінде мемлекет басшысының өкілеттігін қарастырады. 

Заң қарсы барлау іс-шараларын өткізу негіздері мен оның нәтижелерін қолданудағы бағыт-бағдарды анықтайды. Сонымен қатар, қарсы барлау қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағым түсіру де қарастырылған. 

Жаңалықтар
0