АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Атырауда барлау полкінің офицері өзіне қол салған болуы мүмкін, деп жазады өңірлік "Ақжайық" басылымы.
3 желтоқсанда түске қарай, Молдағалиев көшесінің бойында гараж массивінде 41433 әскери бөлімшенің 24 жасар лейтенанты асылып қалған күйінде табылды.
Батыс өңірі әскери прокурордың орынбасары Думан Әбуевтің айтуына қарағанда, офицер электр сымына асылып қалған. Зорлық әрекеттер белгілері, тонау анықталмаған. (ұялы телефон мен ақша қалтасында болған). Болған оқиғаның алдын ала болжамы – өзін өзіне қол жұмсау. Тергеу жүргізілуде.