Өңірлер

Телефон жарылысынан зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны болған жайтты айтып берді

© Sputnik / Константин Родиков / Медиабанкке өтуIPhone 5s
IPhone 5s - Sputnik Қазақстан
Жазылу
iPhone жарылысынан зардап шеккен қыз келтірілген зиянды төлетіп алмақшы

АСТАНА, 22 жел – Sputnik. Ұялы телефон жарылысынан зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны жиырма сегіз жасар Ардақ Орынбасарова оқиғаның мән-жайын әңгімелеп берді деп жазады "Диапазон" газеті.

Ұялы телефонды зарядтау - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтауда зарядталып тұрған смартфоннан тоқ соғып жас сәби көз жұмды

Қыздың мәліметінше, зарядталып тұрған iPhone 5S 18 желтоқсан күні түнгі үш кезінде өртеніп кеткен. Ардақ кенеттен ұйқысынан оянып, төсегінің жанып жатқанын көріпті. Көмекке шақырғысы келген қыз түтін жұтып қойғандықтан, айғайлап дауыстай алмаған екен. Көмекке жүгіріп келген әкесі тарс жабылып қалған есікті әрең ашыпты. Әйтеуір, күйік шалған қызды бөлмеден құтқарып, ауруханаға алып барған. Қыз жан сақтау бөлімінде бір тәулік бойы жатқан екен. Ардақтың бүкіл денесі, бет ауызы күйіп қалған.

Өрт кезінде қыздың бөлмесі, ноутбук және құндыз тоны жанып кеткен. Бұдан бөлек, Ардаққа пластикалық операция қажет болуы мүмкін. Қыз 2015 жылы iPhone сатып алған дүкенге шағым түсірмекші.

Ардақ фитнес орталықта жұмыс істеп, қайырымдылықпен айналысады. 

Жаңалықтар
0