АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Ақтаудағы сәбидің өліміне зарядталып тұрған ұялы телефон себеп болған деп хабарлайды аймақтық басылым tumba.kz.
Оқиға сенбі күні 3 желтоқсанда болған. Басылымға сұхбат берген жанұя танысының айтуынша, әйел адам жеті айлық сәбиімен ұйқыға жатады. Жанына ұялы телефонды зарядтауға қояды. Бала оянып кетіп, электронды құрылғымен ойнай бастайды, бәлкім, сымды тістелеп тастаған болса керек. Сәбиді тоқ соққан. Ата-анасы баланы ауруханаға алып барады, алайда сәби оңалмастан көз жұмады.
Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, баланы сенбі күні таңертең алып келген. Дәрігерлер ешқандай жәрдем көрсете алмады, өйткені сәби көз жұмған болатын. Бала өлімінің нақты себептерін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.