АСТАНА, 22 жел – Sputnik. Су-27 апаты дерегі бойынша, бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 464-бабында (Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу) қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілеріне байланысты сот алды тергеу жұмыстарын бастады делінген прокуратураның таратылған хабарламасында.
Бас әскери прокуратураның арнайы прокуроры Сырлыбаев С. А. басшылығымен жедел тергеу тобы құрылды, оның құрамына Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімі мен Қазақстан Республикасы ІІМ оңтүстік аймақтық әскери тергеу басқармасының қызметкерлері кіреді.
Қазіргі уақытта апаттың анық-қанығы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сот алды тергеудің нәтижелері мен қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімшесінің Су-27 ұшағы әуе оқиғасы салдарынан 2016 жылы 21 желтоқсанда апатқа ұшырады.