Оқиға

Қазақстанның бірнеше аймақтарында жолдар жабылды

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қатты аязға байланысты тас жолдарда қозғалыс тоқтатылды

АСТАНА, 22 жел – Sputnik. Ауа райы бұзылуының салдарынан Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық жолдар жабылды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитеті сайты.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана Иран президентін аязды ауа райымен қарсы алaды

Қостанай облысында 21 желтоқсан күні 19:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығы (қатты аяз) салдарынан дизель жанармайымен жүретін барлық қоғамдық көліктер үшін облыстың бүкіл автожолдары жабылды. 

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты дизель жанармайымен жүретін автокөліктік құралдар үшін барлық бағытта қозғалыс тоқтатылды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде қатты аяз болып, қар жауады, боран мен жел соғады.

Жаңалықтар
0