Қоғам

Астана Иран президентін аязды ауа райымен қарсы алaды

© Sputnik / Еркен СалиховАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иран президенті Қазақстанға іссапармен келгенде, ауа райы суып кетті.

АСТАНА, 22 жел – Sputnik. Маңызды халықаралық қонақтар келген кезде, Астанада ауа райының күрт  өзгеретіндігі дәстүрге айналған. Соңғы рет шетелдік делегация келгенде, ауа райы күрт жылынғаны есімізде. Ол кезде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху іссапармен келген болатын.

Бұл жолы Астана Иран басшысы Хасан Роуханиды суық ауа райымен қарсы алады, ол түске дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөз жүргізбекші. 

Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа райы жайлы айтар болсақ, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, қатты жауын-шашын болады, әсіресе оңтүстікте кей жерлерде көп жауады деп күтіледі. Кей жерлерде боран, тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі ықтимал деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитеті сайтында.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанға қатты аяз келеді

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде боран соғады, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында – желдің екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде, синоптиктердің болжауынша, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-23 м/с, Қызылорда облысында боран соғады.

Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында – желдің екпіні 15-20 м/с. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с, түнде кей жерлерде – тұман. Түнде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты аяз болады деп күтіледі.

Жаңалықтар
0