АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Синоптиктер алдағы күндері бүкіл Қазақстанда ауа темпаратурасы күрт төмендейді деп ескертеді.
Қазгидрометтік болжамынша, Карск теңізінен келген Арктикалық ауа Қазақстанның солтүстік аудандарына жетіп, күшті аязға себеп болып отыр.
"Бұл аяз климаттық нормадан 5-15ºС төмен, алдағы үш тәулікте оңтүстік-шығыс бағытында жылжи отырып, біртіндеп республиканың барлық облыстарын қамтитын болады", — деп ескертеді метеорологтар.
Аязға қар жауу мен бұрқасын қосылып, бұл ауа-райын тіпті күрделі және қауіпті етеді.