АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Танымал адвокат Джохар Утебеков депутат Мұхтар Тінікеев түсіп қалған аты шулы бейне жазбаны көріп, Sputnik Қазақстанға депутатты жазалау үшін негіздің жоқ екенін атап өтті.
"Мен жазалау үшін мүлдем негіз көріп отырған жоқпын. Меніңше ол оның жеке өмірі: жәбірленуші, компания бәрі бір бірін таниды. Ол оны бәрінің көруі үшін жариялы түрде жасап отырған жоқ. Жәбірленушінің өзінен шағым болмаса, менің түсінуімше, БАҚ-қа хабарлаған мәлімдемесі бойынша жоқ секілді, құқық қорғау органдарының араласуына себеп жоқ. Өйткені ол қоғамды орында болып жатқан жоқ, балағаттап отырған адамдар жоқ, мен ұсақ бұзақылықты да көріп отырған жоқпын", — деп атап өтті адвокат.
Оның сөзіне қарағанда, болған оқиға ұру мен жәбірлеуге келетін жеке айыптау баптарына жатады, яғни сот алды тергеуді талап етпейді.
"Қайта айтайын, жәбір көрсетіп отырғанға сенімді емеспін. Бұл жеке қарым-қатынастарды шешіп алу болуы мүмкін. Бейнеден болжам жасау қиын. Әсіресе үзілді-кесілді. Нәтиже мен оның алдында болған жағдайды көру маңызды", — деді Утебеков.
Адвокаттың атап өтуінше, депутатты әкімшілік тәртіпте де жазаға тартуға болмайды екен. "Ол жерде қоғамдық тәртіптің бұзылуы туралы айтуға келмейтін секілді – жан жағынан алып қарағанда ол таныс адамдар компаниясы", — деді Утебеков.