АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Шымкентте бұрынғы фосфор зауыты аумағында болған жарылыс дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
Бұрынғы фосфор зауыты аумағындағы жарылыс туралы хабарлама 20 желтоқсан күні сағат 20.09-да келіп түскен. Оқиға орнына келген кезде КамАЗ-дардың біріне май құйып жатқан кезде тарсылдаған дауыс естіліп, арты өртке оранғаны анықталды
Салдарынан 1991 жылы дүниеге келген құю стансасының операторы сол жерде қаза тапты. 1985 жылғы тағы бір оператор денесінің 80%-ын күйік шалып, Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді. Сол жерге 1967 жылы туған КамАЗ жүргізушісі де жатқызылды.
Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.