Оқиға

Шымкентте майы бар КамАЗ жарылып үш адам зардап шекті

© SputnikЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарылыс салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Шымкентте мотор майын өндіретін зауытта майы бар КамАЗ жарылды, деп хабарлайды otyrar.kz. 

ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, қайғылы оқиға мотор майын өндіретін " HILL Corporation " ЖШС зауытында орын алды. КамАЗ-дардың біріне май құйып жатқан кезде тарсылдаған дауыс естіліп, арты өртке оранған. Салдарынан 1991 жылы дүниеге келген құю стансасының операторы сол жерде қаза тапты. 1985 жылғы тағы бір оператор денесінің 80%-ын күйік шалып, Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді. Сол жерге 1967 жылы туған КамАЗ жүргізушісі де жатқызылды.

Арнайы машиналар белгіленген жерге сағат 20.30-да жетіп, 10 минут бойы өрт сөндірген. Апат себебі анықталуда. 

Өрт сөндірушілердің ақпаратына сәйкес, қатты өрт болмаған. Оқиға орнында жеке құрамның 45 адамы жұмыс істеген. 


 

Жаңалықтар
0